Айым-ай

Published on 13/01/2017

Ағынан да алманың көгі жақсы,
Барынан да жаманның жоғы жақсы.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,
Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Осы ауылда кім жаман, құрбым жаман,
Көн етігін кие алмай тойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"