Ахау, сабаз

Published on 18/02/2017

Жұрағат, өлең айт деп нұсқадың ба-ай,
Айтушы ем сізге түгіл дұшпаныма-ай.
Жаныңа бағалатсам жан жетпейді-ау,
Жетеді кім жақсының мысқалына-ай.

Ей,
Ахау, сабаз,
Ұшырдың ұясынан балапан қаз.

Белаша, Көксу, Арғат, Алтынтасым-ай,
Инықты, бұлт шалған салқын басын-ай.
Тоғыз күн тоқсан келін толғатсадай-ау,
Білемін дәл өзіңдей жан тумасын-ай.

Ей,
Ахау, сабаз,
Ұшырдың ұясынан балапан қаз.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"