Ахау, қызғыш (текст)

Ендеше қара батыр, қара батыр,
Туылған көптен жалғыз дара батыр.
Қарашы сипап тұрып кер құласын,
Аяғын, жал-құйрығын тарап жатыр.

Ахау, қызғыш,
Көңіл бұзғыш,
Отырса қасында бір қыз
Қымыз құйғыш.

Деген соң бабылады, бабылады,
Бәйгеге жүйрік айғыр шабылады.
Жылқыдан жақын жерде дүбір шықса,
Тынысы шын жүйріктің тарылады.

Ахау, қызғыш,
Көңіл бұзғыш,
Отырса қасында бір қыз
Қымыз құйғыш.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: