Ахау, Үрия-ай (2-нұсқа) (текст)

Келдің қайдан, ей, қалқа, келдің қайдан?
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Мекеніңді, ей қалқа, айтып қойшы, ей!
Жат болмағы адамның осындайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Ұшып жүрген әуеде көк көбелек-ай,
Дертің болса жазайын су себелеп,
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Сен есіме түскенде, ей перизат-ей,
Аш бөрідей жортамын тау іргелеп,
Ей! Ахау, Үрия-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: