Аққу (текст)

Арайлап кірсем баққа — бірде келер деймін,
Қараймын бір сен жаққа — қалай көрем деймін
Думанды тапқа кірсем — тура тұрсың жайда,
Жабығып жоқтарым сен — қайда жүрсің, қайда
Аққудай ән арман құсым,
Сұлу тұлға мәрмәр мүсін,
Сағындым әнім-ау
Саған ғана бас ұрамын,
Саған ғана асығамын,
Сағындым әнім-ау
Мен сені көрсем деймін — aсқар биіктерден,
Қолыңды берсең деймін — маған күліп келген
Алмастай асыл нағыз — жаным нұрланайық,
Жаңа бұл ғасырға біз — шырқап бір барайық
Аққудай ән арман құсым,
Сұлу тұлға мәрмәр мүсін,
Сағындым әнім-ау
Саған ғана бас ұрамын,
Саған ғана асығамын,
Сағындым әнім-ау.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: