Ақ саусақ, қима бел (текст)

Айт десеңіз айтайын ей, айдай он бес,
Асауынан үйреткен тайдай өнбес.

Ақ саусақ, қима бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Тіршіліктің барында ей, ойна да күл,
Қайта айналып оралмас қайран он бес.

Ақ саусақ, қима бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: