Балқурай (текст)

Домбырам екі ішекті қолға алайын,
Қайырып он екі алуан ән салайын.
Нұр жауар талапты ерге деген сөз бар,
Мен неге бұл талаптан құр қалайын.

Домбырам басы балқурай,
Басына қонар боз торғай.
Арпа ішінде бір бидай,
Теріп жейді көп торғай.

Домбырам екі ішекті мойны ырғай,
Тартқанда бес саусағым кетер зырлай.
Құрбылар, жастық шақта ойна да күл,
Бір дәурен кетері анық бір күн тұрмай.

Домбырам басы балқурай,
Басына қонар боз торғай.
Арпа ішінде бір бидай,
Теріп жейді көп торғай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: