Бұлқынып-ай (текст)

Ай, бұл елде толып жатыр жылқылы бай,
Тұсынан ақ боз үйдің сөйлестім-ай.

Ол үйден шыға келді бір сұлу қыз,
Жамылып жанат ішік құлпырып-ай.

Тағатым қызды көріп тоқтай алмай,
Иығынан ұстай алдым ұмтылып-ай.

Буыным былқ-сылқ етіп жүргенімде,
Қолымнан шығып кетті-ой, қызық-ай, бұлқынып-ай.

Ай, кімге, ай, ғашық болса қолындағы,
Кең жібек сол дүниенің молындағы-ай.

Судағы сұп-сұр үйрек сен, қарағым,
Бекердің мен ақ тұйғын қолындағы-ай.

Сыртыңнан атағыңды көп білемін,
Сөз таныс болып едім бұрындағы-ай.

Ілінсең қармағыма желбезектеп,
Жүре бер мекеніңе зырылдағы-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: