Долана-ай

Published on 02/01/2017

Айналайын жарқыным, асылым-ай,
Сөйлеспедім жақындап қасыңызға-ай.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

Өзің жазған хатыңды қадір тұтып,
Салып жүрмін жаныма жасырып-ай.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

Айқайладым артыңнан алыста тым,
Дәубабаның басынан жау ұстадым.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

Сен есіме түскенде, асыл сәулем,
Бір пияла шайымды тауыспадым.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

Айналайын жарқыным, ақ маңдайлым,
Сенен басқа көңіліме жан салмаймын.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

Қайғым қалың ішінде, арманым көп,
Бір өзіңнен басқаға айта алмаймын.

Долана-ай,
Қанша жақсы болғанмен,
Сәулем, сендей бола ма-ай?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"