Еділ бойы

Published on 27/02/2017

Ар жағында Еділдің бір терең сай, алқарай көк!
Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай.
Жеңешай-ай, осылай әнім өзгеше-ай!
Ағаштың бұтағына қонып алып, алқарай көк!
Сайрайды таң алдында бозша торғай.
Жеңешай-ай, осылай әнім өзгеше-ай!

Алқарай көк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып сәулем келгенде,
Қайда кеттің а-ай, той-тойлап.

Ар жағында Еділдің бір асқар бел, алқарай көк!
Сырын ашқан көңілдің көк самал жел.
Жеңешай-ай, осылай әнім өзгеше-ай!
Ырыс, айдай, көңілің менде болса, алқарай көк!
Аузыңды ашып, қалқатай, тіліңді бер.
Жеңешай-ай, осылай әнім өзгеше-ай!

Алқарай көк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып сәулем келгенде,
Қайда кеттің а-ай, той-тойлап.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"