Ей, лахау, ләридай (текст)

Дәйім менің мінгенім, ей, көк жал шабдар,
Жануардың желісі шапқандай бар.
Ей лахау, ләридай.
Бір-екі ауыз жақсымен-ей сөйлескенім,
Құшақтасып жаманмен жатқандай бар.
Ей лахау, ләридай.
Ай да батпан жігітке, ей, күн де батпан,
Шаба алмаймын толықсып жайдақ атпен.
Ей лахау, ләридай.
Жолдас болсаң, жігіттер-ей, жақсымен бол,
Сексеуілдің шоғындай жайнап жатқан.
Ей лахау, ләридай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: