Ей, сәулем (текст)

Шырқап салса келеді әннің сәні-ей,
Сыбызғышы, сырнайшы, домбырашы-ей, сәулем-ай.
Той-думанды мереке болған жерде-ей,
Қыз-бозбала жиылып ән шырқашы-ей, сәулем-ай.
Сәуле беріп түндегі туған айдай-ей,
Асыр салған өрісте құлын-тайдай-ей, сәулем-ай.
Жүз құбылтып, сызылтып ән шырқаса-ей,
Сәулем-айдай ән болмас қоңыр майдай-ей, сәулем-ай.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: