Жанай құрбым текст

Батысайын бас кілем қалада тұр, құрбым-ай,
Тоқпақ жалды торы айғыр далада тұр, құрбым-ай.

Жанай құрбым,
Жанай сылқым,
Жанай керім,
Жанай бұлбұл,
Жанай жан.

Мен есіңе түскенде, ей, қарағым, құрбым-ай.
Ақ үйіңе сүйеніп қара да тұр, құрбым-ай.

Жанай құрбым,
Жанай сылқым,
Жанай керім,
Жанай бұлбұл,
Жанай жан.

Нұр дидарың, қалқатай, жаннан артық құрбым-ай,
Болдым ғашық сыртыңнан мен құмартып, құрбым-ай.

Жанай құрбым,
Жанай сылқым,
Жанай керім,
Жанай бұлбұл,
Жанай жан.

Сіз сары алтын болғанда, мен – болатпын, құрбым-ай,
Лебізіңмен алсаңшы-ай мені тартып, құрбым-ай.

Жанай құрбым,
Жанай сылқым,
Жанай керім,
Жанай бұлбұл,
Жанай жан.

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: