Жаным, Жәкеш

Published on 04/01/2017

Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз от боп жанам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,
Айырыларда, қалқатай, еске салам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қолымда бір қамшым бар шежемейлі,
Барғанда мал өріске не жемейді.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

Қыл өтпес арамыздан тату едік,
Қызыл тіл арадағы не демейді.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"