Жас жүректің кілтін аш (текст)

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.
Болғанда ақыл – кілт, көңіл – сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады.

Жас жүректің
Кілтін аш.

Ақ көйлек тозбайды екен кең болған соң,
Жас пен жас ойнамай ма тең болған соң.
Мұнымды саған айтпай, кімге айтам,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Жас жүректің
Кілтін аш.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: