Жеңгей (текст)

Ассалаумағалейкум, жаным ағам, ә!
Қалайша кірлеп кеткен кеуде, жағаң.
Жеңгейдің салақтығы молайған ба,
Басуға болмай қапты ешбір қадам.

А-а-а-а-а-а, ли-ла-лай-лай-ли-ла-ла-ла-ла, а-ай!

Дүниеде жан азығы жақсы қатын, ә!
Екеуі тату, тәтті тұрса жақын.
Жайдары, жарқын, пысық толғаулы әйел,
Шығарар жаман ердің қашанда атын.

А-а-а-а-а-а, ли-ла-лай-лай-ли-ла-ла-ла-ла, а-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: