Жұлдызым (текст)

Махаббатым сен, жұлдызым да сен,
Көп іздедім өзіңді аңсап.
Арманым да сен, бақытым да сен,
Ойымдасың сен менің бірақ.
Махаббатым сен, жұлдызым да сен,
Қайталайық сол бір күнді.
Өтіп кеткен айлы түнді жұлдызым.

Қайырмасы:
Біздің өмір әлі алдымызда,
Біздің бақыт қонар қолымызға.
Қайда болсаң да, жаным,
Келші маған жұлдызым болып.

Махаббатым сен, жұлдызым да сен,
Қайтармадың сөзіме жауап.
Өкінемін мен, көрінгенде сен.
Көңілімді алдыңа баурап,
Махаббатым сен, жұлдызым да сен,
Дүрлігеді жан-жүрегім,
Кездесу ғой бар тілегім жұлдызым.

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: