Замандас (текст)

Айналайын көзіңнен
Жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма екен
Бұл жерде сенен өткен,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бүтін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Ақша балық шомылған
Айдын көлден,
Алтын қармақ салса да
Ілінбеген,
Замандас,
Жолыққанда есіңе алып амандас.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: