Игай-гай сәулем (текст)

Атыңнан айналайын алтын сәулем-ай,
Бір жүру өзіңменен ол бір дәурен-ай.
Игай-гай сәулем, айдай-ау.

Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,
Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең-ай.
Игай-гай сәулем, айдай-ау.

Сағынған сәулем-ай,
Бірге өскен дәурен-ай.

Атыңнан айналайын асыл затым-ай,
Жарасқан тал бойыңа сәулем атың-ай.
Игай-гай сәулем, айдай-ау.

Кеткенде аулың алыс алтын сәулем-ай,
Келмеді-ау бір жапырақ жазған хатың-ай.
Игай-гай сәулем, айдай-ау.

Сағынған сәулем-ай,
Бірге өскен дәурен-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: