Көкшетаудың биігі (текст)

Көкшетаудың биігі-ай,
Баурында ойнар киігі-ай.
Ғашық болған қарай көз,
Қайтсем тарқар күйігі-ай.

Пай-пай, қарай көз,
Мен жүдейін,
Мен не дейін?

Көкшетаудың басында,
Қалқам тұрса қасымда.
Құмар болған бала едің
Жаным сүйіп жасымда.

Пай-пай, қарай көз,
Мен жүдейін,
Мен не дейін?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: