Молдабайдың әні

Published on 04/03/2017

Тәңірі берген Молдабай,
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге – тілге бай,
Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында
Тағалаған жорғадай.

Сөйле, тілім, жалықпа,
Жалықпақ жақсы қалыпқа.
Білгеніңді айтпасаң,
Тек жатар жөнің бар ма еді,
Тегіс жайып халыққа.
Айтарыңды анықта,
Аққу құстай шалықта.
Жақсы менен жаманды
Қаусырма жақ, қызыл тіл
Көп ішінде анықта.
Алтын қалпақ, жез телпек
Хандар киер көзіне.
Кімдер әуес болмаған
Молдабайдың сөзіне.
Ақ дігердей көрінбей
Үйдің сәні келмейді.
Шым ораулы болмаса
Шидің сәні келмейді.
Егескен жауын мұқатпай
Ердің сәні келмейді.
Қара жерден қар кетпей,
Көк орай шалғын шөп өспей,
Жердің сәні келмейді.
Үйрек ұшып, қаз қонбай
Көлдің сәні келмейді.
Қызыл-жасыл киінбей
Қыздың сәні келмейді.
Қыз, бозбала жиылмай
Жырдың сәні келмейді.

Молдабайдың әні еді,
Осылай етіп ән салсаң
Домбыраның сәні еді.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"