Сағынайын

Published on 02/03/2017

Болмаған соң тозады үйде күтім,
Жыртық үйден шығады қисық түтін.
Сен есіме түскенде сенер болсаң,
Тамағымнан өтпейді ішкен сүтім.

Сағынайын,
Сағынғанда келмесең,
Неғылайын.

Жылқы құрлы еркім жоқ баққан кеңге,
Жаным сергір сен жақтан соққан желге.
Сен есіме түскенде сенер болсаң,
Аққу жүзер көзімнен аққан селге.

Сағынайын,
Сағынғанда келмесең,
Неғылайын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"