Ханшайым (текст)

Сүйікті Ханшайым, жарым едің,
Сені іздеп ақ боз үйге барып едім.
Көңілдің ғашық отын сөндіре алмай,
Тотыдай жүз құбылып қалып едің.

Ей, Ханша задам,
Жазда келем,
Нұрына ғашық болған
Мен бір адам.

Ханша, сізге кетті көңілім ауып,
Бекерге кемітпеңіз жала жауып.
Сыры бір, қыры сегіз құрбым деп біл,
Жігіт деп әлде қалай қылма қауып.

Ей, Ханша задам,
Жазда келем,
Нұрына ғашық болған
Мен бір адам.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: