Шаһибаз (текст)

Ауылыңа шығып ем Қарқарадан,
Қарқараның басынан ән тараған, Шаһибаз.
Ат арытып алыстан келгенімде,
Қарсы жүрші керіліп, маған, Шаһибаз.

Сары самаурын сан қайнап,
Сағындым, сәулем, сені ойлап.
Қиыр қыстан, шет жайлап,
Келер ме екен дәм айдап.

Қара судың жағасы қара барқын,
“Құрақ”, “шырақ” деуші едім сөздің салтын, Шаһибаз,
Басы – күміс сөзімнің, аяғы – алтын,
Айтқызбай-ақ түсінгін көңіл парқын, Шаһибаз.

Сары самаурын сан қайнап,
Сағындым, сәулем, сені ойлап.
Қиыр қыстан, шет жайлап,
Келер ме екен дәм айдап.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: