Әккау жаным

Published on 13/02/2017

Көреді бірін-бірі есен кісі,
Сөйлейді топты жарып шешен кісі,
Әккау жаным, әккәккәй.

Әр жерде алтын басың қор болмайды,
Жақсыны өзің сыйлап десең кісі,
Әккау жаным, әккәккәй.

Жантақты жолда жатқан алып таста,
Кірмесін кісіге де сенен басқа.
Әккау жаным, әккәккәй.

Мың болып бір жақсылық еселенер,
Кейінгі үлгі болар келер жасқа.
Әккау жаным, әккәккәй.

Дос іздеп кілең сайдың тасындай бір
Көңілім әлі күнге басылмай жүр.
Әккау жаным, әккәккәй.

Досқа да қолда барды аяймыз ба,
Басқа да кімнің малы шашылмай жүр.
Әккау жаным, әккәккәй.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"