Әккілік-ай

Published on 09/03/2017

Торы тосам, шырағым, торы тосам,
Тосаң болсаң, бол тосаң, болма босаң, әккілік-ай.
Ат арылтып алыстан іздеп жүрмін,
Жүгіріп шық алдымнан адам болсаң, әккілік-ай.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылың(а)-ай ақыл қос.

Өлең емес мен өзі өрнек едім,
Мәшиненің ішінде шөлмегі едім, әккілік-ай.
Ағып жатқан дария болмасам да,
Тоқтап жатқан өзінше көлмек едім, әккілік-ай.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылың(а)-ай ақыл қос.

Кештен ұршық иірдім қорғасыннан,
Бұл өлеңді айтыппын он жасымнан, әккілік-ай.
Құдай білер қадірге жетіп жүрген,
Саған бола қалмаймын жолдасымнан, әккілік-ай.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылың(а)-ай ақыл қос.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"