Әмірхан

Әмірхан, неғып жүрсің қойың жаймай,
Мен жүрмін қайын атаның көңілін қимай.
Он аяқ, отыз мысқал көжеңді ішіп,
Жатасың кең төсекке кеудең сыймай.

Болғанда атым Ажар, сіңлім Қайша,
Аяқты мен басамын жорға тайша.
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы,
Әмірхан қойдан келіп байпақ жайса.

Айқай дүние-ай,
Қайран күнім-ай –
Ахау қор болдым,
Қосыла алмай
Өз теңіме-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: