Айдай-айдай (текст)

Айналайын атыңнан, орта бойлым,
Сары майдан айырып, сәулем, торта қойдым-ай.
Жаңа ғана өзіңді көрсем-дағы,
Күлім көз деп атыңды, сәулем, жорта қойдым-ай.

Айдай-айдай,
Ұйқым шайдай
Ашылды, сәулем,
Бір сені ойлай.

Ертелі-кеш ән салам, жалықпаймын,
Тоқсан түрлі даусыңды, сәулем, анықтаймын-ай.
Кәрісің деп қу қыздар күледі екен,
Күледі деп оларға, сәулем, қамықпаймын-ай.

Айдай-айдай,
Ұйқым шайдай
Ашылды, сәулем,
Бір сені ойлай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: