Айдай (3-нұсқа) (текст)

Шалкөденің басында алмал(ы) едім,
Қымыз емес ашыған саумал едім-ай.
Қалың шөбің, Шалкөде, бір көрінсе,
Шәй көрпеде жатқандай аунар едім-ай.

Арқадан соққан қызыл жел, айдай,
Торғайдай тозған қайран ел, қайда-ай?

Елім барды-ау кейінгі Көлме көлге,
Алыс дейді Көлме көл көрмегенге-ай.
Артта қалған аңсарлы қайран елім,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде-ай.

Арқадан соққан қызыл жел, айдай,
Торғайдай тозған қайран ел, қайда-ай?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: