Айтжан (текст)

Айналайын көзіңнен жаутаңдаған,
Сендей боп дүниеде жан тумаған.
Сыртқа шықпай жиылып іште жатыр,
Құпия сыр өзіңе айтылмаған.

Бір жұлдыз бар аспанда ай көзіндей,
Алтын айдар, жарқын жүз мен де өзіңдей.
Айтжан деген атыңнан айналайын,
Таба қылма дұшпанға көзіңе ілмей.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: