Алтын саусақ (текст)

Жем жемейді торышам түктемесем,
Бетің екен айдан ақ сүт пе десем.
Құмарым бұл дүниеде басылмайды
Ақбетіңнен оңаша үп десем.

Алтын саусақ тобылғы
Оңдасын құрбым жолыңды.

Ұшып жүрген әуеде лашынсың,
Күлімдеші бұлттанған күн ашылсын.
Бағаласам бағаңа жан жетпейтін,
Ақылыңа көркі сай бір асылсың.

Алтын саусақ бұрама,
Айтысып көңлім тына ма.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: