Алқоңыр (2-нұсқа) (текст)

Ал қоңыр ән салатын баяулатып,
Ер жігіт мал табады жаяу жатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қалай ояу жатып.

Ал қоңырдай,
Ән салсаң, ей жігіттер, тап осындай.

Қаратау бірде қарлы, бірде қарсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
Қара су нәпсі терең бір тұңғиық,
Секірген қырдан қырға көңіл арсыз.

Ал қоңырдай,
Ән салсаң, ей жігіттер, тап осындай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: