Ал, шіркін (текст)

Үзілмейтін үмітпен келер деген,
Күні-түні жолыңа елеңдегем.
Өзің жоқта сөйлесіп елесіңмен,
Өкпемді айтып отырмын өлеңге мен.

Тұсау-тірлік көндірсе дегеніне,
Асау көңіл қайтеді, көнеді де
Дертім меңдеп кетіпті менің бүгін,
Асықтығым асқынып дерегіңе.

Қайта келіп жүргенмен жағалауға,
Толқындарды тірліктің табалауда.
Өмір-өзен өткелсіз болса дағы,
Бір көрінші бейнеңмен дауалауға.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: