Асылзат (3-нұсқа) (текст)

Базарда бұлы қымбат бас кілемнің,
Өспесін малы, басы қаскүнемнің-ей.
Сағынып жар дауысын жүргенімде,
Шығады даусы қайдан қос күреңнің-ей.

Әй, Асылзат, шаһи зат,
Сағынғаннан, ей, жаздым хат.

Беліме буынғаным бос белбеуім,
Болса да жаман-жақсы өз белбеуім-ей.
Көп айлар көрмегелі, көп күн болды,
Жүрмісің аман-есен, көз көргенім-ей.

Әй, Асылзат, шаһи зат,
Сағынғаннан, ей, жаздым хат.

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: