Асыл зат (текст)

Сүйгенім қой ішінде-ай жебей саулық,
Жарасар келіншекке жібек жаулық.
Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,
Жүреді күндіз-түні көңілім аулық.

Ей, асыл затым,
Қиғаш қасым,
Шақырсаң,
Жаныңызға-ау кім бармасын.

Ақ үйден шыға келдің айдай болып,
Жылқыда қысыр емген тайдай болып.
Кетесің қолым тисе былқ-сылқ етіп,
Қарынға жаңа салған майдай болып.

Ей, асыл затым,
Қиғаш қасым,
Шақырсаң,
Жаныңызға-ау кім бармасын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: