Ау, сөңкіл көл (текст)

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні өлең айтқан шіркін деймін.
Жел сөздің тағдыр берген арқасында,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.

Ау, сөңкіл көл,
Мекендеген біздің ел,
Жан рахаты сайран жер.

Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды,
Бәйгеден келсе жүйрік ойқастайды.
Барында тіршіліктің ойна да күл,
Өлеңді біз тұрғанда кім бастайды.

Ау, сөңкіл көл,
Мекендеген біздің ел,
Жан рахаты сайран жер.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: