Ахау, Арияйдай (текст)

Әніме мен салайын ари-айдай,
Артымда құрбыларға сөзім қалды-ай.
Үш жүздің баласына еркеледім,
Әншілік бұдан артық болсын қандай?
Ақауға мен салайын он екі алуан,
Сөзімде менің айтқан жоқ тұр жалған.
Арасын Орта жүздің аралап ем,
Өтерсің бізден-дағы дүние жалған!

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: