Ахау арман (текст)

Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін,
Шалбарымның балағын зерлетейін.
Өзің көңіл бергенде, ей, қарағым,
Не көрсем де жалғаннан бірге өтейін.

Ахау, арман,
Іштен жанған,
Еркін қолға тимей жүр
Көңілге алған.

Айт деген соң айтайын самырсын деп,
Екеуімізді ел айтар тамырсың деп.
Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Шағи көрпе берейін жамылсын деп.

Ахау, арман,
Іштен жанған,
Еркін қолға тимей жүр
Көңілге алған.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: