Ахау арман (2-нұсқа) (текст)

Ойлап тұрсам дүние жалған екен,
Он сегіз мың ғаламды алған екен-ай.

Ей, ахау, арман,
Бәрімізден қалады-ау дүние жалған-ай.

Машинаның ізіндей қайран әнім,
Шабан аттай шалдығып қалған екен-ай.

Ей, ахау, арман,
Бәрімізден қалады-ау дүние жалған-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: