Аяулым (3-нұсқа) (текст)

Қара төбел қарағым құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

Қара бүркіт келмейді қайыруға, аяулым,
Не демейді көп дұшпан айыруға, аяулым.
Арадағы дұшпанның сөзіне ермей, аяулым,
Кел, екеуміз шығайық жайылуға-әй, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: