Ақдариға (текст)

Базардан базар барып қауын алдым,
Бешпенттің асыл қара бауын алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Жасқанып жардан безіп жүргенімде,
Күлім көз, оймақ ауыз тауып алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен,
Шын қамшат түрі бір ме құндызбенен.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!
Жарамсыз қай кісіні кім мақтайды,
Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: