Ақтолғай (текст)

Бозбалада тағат жоқ қыз дегенде,
Таптырмайды қыз деген іздегенде.
Ақтолғай.
Біздің көңіл қашаннан өзіңде ғой,
Сіздің жүрек не дейді-ау біз дегенде.
Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.

Өтті-кетті бір дәурен шегіншектеп,
Түн кешуге біз қалдық еріншектеп.
Ақтолғай.
Ерке едің еліктей, көркем едің,
Қалыпсың ғой бір үйге келіншек боп.
Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: