Ақтолғай (2-нұсқа) (текст)

Бойың ұзын тоғайдың миясындай, ау,
Қасың қара молданың сиясындай, Ақтолғай.
Қайтсем саған қолымды жеткіземін, ау,
Жүрген жерім сұңқардың ұясындай, Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Сағынып жүр ғой бұл құрбың,
Қонасың қашан сен қолға-ай.

Сені анаң өсірді айдай қылып, ау,
Алақанға еріткен майдай қылып, Ақтолғай.
Тал бойында тарыдай бір мінің жоқ, ау,
Жеткіземін қолымды қандай қылып, Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Сағынып жүр ғой бұл құрбың,
Қонасың қашан сен қолға-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: