Ақ тілек (текст)

Айналдым ән сүйер ақ тілектің
Бақытқа балап келген
Жүзіңнен нұрланған тәттілік мұң
Біздерге қанат берген
Көздерді көргенде үміт толған
Шат көңіл шарп ұрады
Жүректе оянып қалыпты арман
Ақ қанат ән туады
Дабыл қаққан шапалақпен
Жалындатқан шапағатпен
Баршаңызға бас иеміз
Мөлдір шексіз махаббатпен
Ел еркелеп ерке етем ерке көңіл
Бой бермей қайғы мұңға
Сіздермен басталады ертек өмір
Тербейді айданыңда
Ән-жырға талассыз бәрі құштар
Нұр тұнған көздеріңнен
Біздерде тарқамаз сағыныш бар
Арналған өздеріңізге
Дабыл қаққан шапалақпен
Жалындатқан шапағатпен
Баршаңызға бас иеміз
Мөлдір шексіз махаббатпен
Дабыл қаққан шапалақпен
Жалындатқан шапағатпен
Баршаңызға бас иеміз
Мөлдір шексіз махаббатпен
Дабыл қаққан шапалақпен
Жалындатқан шапағатпен
Баршаңызға бас иеміз
Мөлдір шексіз махаббатпен.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: