Бипыл (текст 2-нұсқа)

Асау кер ат жүрмейді шалдыққанда, ахау,
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.

Ах-ау, тәнім-ай,
Талма менің жаным-ай.
Ей… күлди-күлди, Күнжан-ай,
Күнде қызық думан-ай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.

Сүйген жарды көре алмай армандадым, ахау,
Сағынамын сарғайып, зарыққанда.

Ах-ау, тәнім-ай,
Талма менің жаным-ай.
Ей… күлди-күлди, Күнжан-ай,
Күнде қызық думан-ай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.

Асау кер ат бойында мін болар ма, ахау,
Сұлу қызға тағатын сын болар ма?

Ах-ау, тәнім-ай,
Талма менің жаным-ай.
Ей… күлди-күлди, Күнжан-ай,
Күнде қызық думан-ай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.

Жатсам, тұрсам ойлайтын есіл-дертім, ахау,
Сүйген жарды көретін күн болар ма?!

Ах-ау, тәнім-ай,
Талма менің жаным-ай.
Ей… күлди-күлди, Күнжан-ай,
Күнде қызық думан-ай,
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: