Боз жорға (2-нұсқа) (текст)

Қарайғанға қараймын қабан ба деп,
Қамшылаймын атымды шабан ба деп.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Ары өткеннен сұраймын, бері өткеннен,
Қалқатайдың ауылы аман ба деп.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Ақ қағазға жаздым хат,
Жан құдайға аманат.
Қайда жүрсең аман жүр,
Қадірге жеткен азамат.

Жалғыз біткен жапанға едім шынар,
Дидарыңа жасымнан болдым құмар.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Ақ жүзіңді көре алмай армандамын,
Құмарланған көңілім қашан тынар.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Ақ қағазға жаздым хат,
Жан құдайға аманат.
Қайда жүрсең аман жүр,
Қадірге жеткен азамат.

Үйдің арты терең сай, қалың бүрген,
Түлкі аралап, ішінен қасқыр жүрген.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Артық туған аяулы сіздей жанмен,
Арман бар ма адамда ойнап-күлген.

Боз жорға-ай,
Мен де ойлайын,
Сен де ойла!

Ақ қағазға жаздым хат,
Жан құдайға аманат.
Қайда жүрсең аман жүр,
Қадірге жеткен азамат.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: