Болмас еді арманым (текст)

Қазығұртты жағалай тас болады,
Шын азамат үйінде бас болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін,
Ішім жанып, көзіме жас толады.

Қапа боп тағдырыма,
Өлеңімді айтамын.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Ұлы жұртты жағалай тал болады,
Ашылмаса көңілім дал болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Қасіреттің қайғысы басқа түссе,
Айдын көлге ақ үйрек зар болады.

Қапа боп тағдырыма,
Өлеңімді айтамын.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: