Бүлдірген халық әні (текст)

Ассалаумағалейкум, ағаларым, бүлдірген,
Ақжібекпен көмкерген жағаларын, бүлдірген.

Рұқсат болса сіздерден, өлең айтам, бүлдірген,
Жаңылдырмас тілімді бабаларым, бүлдірген.

Тауда өседі бүлдірген, қырда өседі бүлдірген.

Ағаларым болмаса, қадірімді кім білген.
Өнерімді сіздерден аямадым, бүлдірген,
Өлеңімді сіздерге саялаттым, бүлдірген.

Жаңа туған аспанның жұлдызымын, бүлдірген,
Өнер қуған қазақтың бір қызымын, бүлдірген.

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: