Бүрәдәрім (текст)

Кемсітіп күш көрсетпе кішкенеге,
Кішкене емес дүниеде ештеңе де.

Айым-ай, күнім-ай,
Айхой, бүрәдәрім, аха-хай.

Шымнан жер, қиыршықтан тау құралған,
Ғимараттар кірпішсіз істеле ме?

Айым-ай, күнім-ай,
Айхой, бүрәдәрім, аха-хай.

Екінің бірі жомарт тасқан жерде,
Ер жарайды кәдеге сасқан жерде.

Айым-ай, күнім-ай,
Айхой, бүрәдәрім, аха-хай.

Жаманға жазатайым күнің түссе,
Қалады екен қабысып аспан жерге.

Айым-ай, күнім-ай,
Айхой, бүрәдәрім, аха-хай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: