Бұлбұл торғай (текст)

Ат міндім-ей жалын түйіп кері аладан,
Көрінер аулың алыс жер даладан-ай.
Кеткенде-ей аулың алыс, ей, қарағым,
Жетер ме айтсам сәлем бір баладан-ай.

Ахау –
Бұлбұл торғай
Даусың сондай.
Аспанда шырылдайсың
Жерге қонбай-ай.

Болғанда айғыр жалды, ат кекілді,
Көргем жоқ өзім туып сен секілді-ай.
Барады иісің жарып танауымды,
Қайнатқан қалампыр сап шай секілді-ай.

Ахау –
Бұлбұл торғай
Даусың сондай.
Аспанда шырылдайсың
Жерге қонбай-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: